Параби кубогіне қатысушылар: «Арба билеуге кедергі емес»

409

0

Қызылордада 2 күн бойына «QYZYLORDA CUP – 2019» би спорты бойынша ҚР би спорты федерациялары ассоциациясының құрметті президенті Қажымқан Мәсімовті еске алуға арналған Қазақстан Республикасының халықаралық турнирі өтті. Турнир аясында параби бойынша ел кубогі ұйымдастырылды. 

Турнирді ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің ко­­митеті, облыстық дене шынық­тыру басқармасы және спорт басқармасы, ҚР би спорты федерациялары ассоциациясы, облыстық би спорты феде­рациясы және «Орда» спорт­тық би клубы облыс, қала әкім­діктерінің қолдауымен өткізді. 

«Қазгермұнай» компаниясы Қызылорда облысының би спорты федерациясына серік­тес болды. Ерекше адамдарды оңалтуға көмек көрсету «Қаз­гермұнай БК» ЖШС-ның әрдайым назарында. Параби кубогін қолдау ар­қылы бишілерді жарқын өмірге шабыттандырып, ерік-жігерлерін жани түсті. Арбаға таңылғандарына қарамастан, қайсарлықтың үлгісін танытып, жан-жағындағыларға өмір­ді сүйе білуді үйретіп жүрген жан­дарды демеудің жөні бөлек. Компания жарыстың жүлдегерлері мен жеңімпаздарына арналған кубок, медаль сатып алуға және турнир өткізілетін орынды даярлауға демеушілік көрсетті.

Турнирге Қазақстан, Ресей, Қыр­ғызстан, Өзбекстан және Түр­кіменстаннан 500-ден ас­там би дуэттері қатысты. Ашы­­лу салтанатында облыс әкімінің орынбасары Р.Рүс­темов спорттың осы түрін серік еткен барша қатысу­шы­ларға сәттілік тіледі. ҚР спорттық би федерациялары ассо­циациясының президенті Қ.Байжанов Қ.Мәсімовтің ар­бадағы би өнерінің дамуына қос­қан үлесі, спортшыларға көр­сеткен қолдаулары туралы айтты. 

Бұл жарыста спортшыларды мүгедектігіне байланысты 1 және 2 сыныпқа бөледі. Бишілер танго, вальс, самбо, румба және джайв билерінен сайысқа түсті. Жарысқа қатысушылардың сәнді костюмдеріне, жеңіске деген құлшынысына, сахна­да өз-өздерін ұстауына көрер­мендер ерекше ықыласпен қол соқты.  Өнерпаздардың әр қимылы, әуенді сезінуі олардың әрқайсысын жеңімпаз деп тануға жеткілікті болды. Арбаға таңылған жандардың паркетке шығуының өзі жеңіс емес пе?

Турнир өткен спорт кеше­нін­де сол күндері қалып­тасқан ерек­ше атмосфера қатысу­шы­ларға мүмкіндігі шектеулі екендіктерін ұмыттырып жі­бер­гендей. Олар би арқылы бой­дағы күш-қуатын, өмірге құш­тарлығын көрсете білді.

Бізбен әңгімесінде Тараз­дан кел­ген Н.Ахметова өз өмі­рінде би­­дің алатын орнын айтты. Ба­ла шағынан би спор­ты­мен ай­­на­лысқан ол қапыда бол­ған апат­тан аяғынан айырыл­ға­­ны­мен, жігерін жасытпады. Қа­зір Қазақ­станның 5 дүркін чем­­­пио­ны, осы сайыстың да үздігі атан­ды. 

– Паркетке шыққанда бар­лы­ғын ұмытып, шын ынтаммен әуен мен биге берілемін, – дейді ол.

Жеңімпаздар қатарында жерлес­теріміз Е.Дәрібаев пен Р.Смағұлова да бар.

«Қазгермұнай» компаниясы парабишілерге еліміздің кубо­гына қатысқандары үшін алғыс айтты. Күн сайын ерлік жасап жүрген, ағысқа қарсы жүзіп, ерік-жігерлерін мұқалтпаған, сөйтіп шеберліктерін дәлелдеген олар қандай құрметке де лайықты.

М.МЕРЕЙ.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<