Парламент депутаттары Жалағаш ауданына барды

502

0

Фото: Жалағаш ауданы әкімдігі

🔹Бүгін ҚР Парламентінің депутаттары
Р.Рүстемов, А.Әлназарова, М.Ергешбаев Жалағаш ауданына жұмыс сапарымен келді.

🔹Жұмыс сапары барысында Есет батыр ауылындағы жаңадан салынған дәрігерлік амбулаторияның жұмысымен танысты. 2023 жылы Ұлттық жоба аясында Жалағаш ауданында 2 амбулатория пайдалануға берілді. Бүгінде ауыл халқы жаңа нысанның игілігін көруде.

🔹Сонымен қатар, халық қалаулылары Жалағаш кентіндегі дене шынықтыру -сауықтыру кешенінің құрылыс жұмыстарымен танысып, құрылысы тұралап тұрған нысанның уақытылы аяқталуын бақылауға алатындарын жеткізді.

🔹Іс-сапар барысында халықтың талап тілегіне құлақ асып, маңызды деген мәселелерді түртіп алып жүрген ҚР Парламентінің депутаттары Жалағаш аудандық медицина саласының қызметкерлерімен пікір алмасып, ұсыныстарын тыңдады.

🔹Өз сөзінде Ақмарал Әлназарова сала мамандарымен кездесу барысында халықтың денсаулық жағдайын жақсарту мақсатындағы аудандық жаңа емхананың тұрғындар үшін қолжетімді мүмкіндік екенін айтты.

🔹Сондай-ақ Руслан Рүстемов халықтың билікке ашық ойын жеткізе алуы үшін қабылданып жатқан өзгерістер мемлекетіміздегі ашықтықты арттыратынын жеткізді.

🔹Аудандар мен ауылдық округтердегі өткізілген кездесулердің негізгі жемісі алыстағы ағайынның күрмеулі мәселелерін мінберде қозғап шешімін табу екенін айтқан Мұрат Ергешбаев, Жалағаш ауданында атқарылып жатқан жұмыстарға ризашылығын білдірді.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<