«Теміржол-Су» бастауыш ұйымның белсенді мүшелері өз әріптестері арасынан үлгі болған өнегелі отбасының иелерімен кездесу ұйымдастырды.
Онда көп балалы отбасында балаларына тәрбие берумен қатар қарапайым сантехник, слесарь, көлік жүргізуші қызметінде жүріп саланың дамуына өзіндік үлестерін қосқан партиялас әріптестерінің шаңырақтарындағы бақыт пен берекенің құпияларымен бөлісті.
Жанұя жарастығы тікелей ерлі-зайыптының түсінуі мен сыйластығына байланысты екенін айта келе, туындаған мәселелерді қалай шешу керектігі туралы ойларын ортаға салды.
«Негізі әрбір партиялық жобаның өз маңыздылығы бар. Бүгінгі кездесу «Бақытты отбасы» және «Еңбек адамы» жобасы аясында болып отыр. Бүгінгі әріптестеріміз еліміздің одан әрі өркендеуіне қарапайым адал еңбегімен үлес қосып қана қоймай, өмірдегі ең маңызды танымды отбасындағы балалар бойына сіңіре білді. Сондықтан өз істерімен қоғамдық белсенділігімен үлгі болған қызметкерлерге алғыс айтамыз»,- деді «AMANAT» партиясы Теміржол филиалына қарасты «Теміржол-Су» бастауыш ұйым төрағасы Насыр Абдулла.
Ұжым арасында жанұядағы жарасымдылықты арттыра түсетін отбасының жағымды үлгісін арттыруға және адал еңбек үлгісін дәріптеуге бағытталған партиялық жоба аясындағы кездесуде Мұратбек Досмағанбетов, Мейірбек Жаңбергенов пен Асанхан Ақмамбетовке партияластары бастауыш ұйым атынан естелік ретінде арнайы сый сияпаттарын табыстады.
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<