«Педагогикалық идеялар панорамасы – 2024» байқауының облыстық кезеңі аяқталды

8

0

Фото: Өрлеу Қызылорда

«Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығының ұйымдастыруымен биыл бесінші рет өткізілген «Педагогикалық идеялар панорамасы – 2024» республикалық байқауының облыстық кезеңі аяқталды.

Республикалық байқау мектепке дейінгі, орта, қосымша, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары білім беру ұйымдары қызметкерлерінің пәндік сауаттылығын дамыту саласындағы заманауи білім беру технологиялары мен әдістемелерін пайдалану жөніндегі озық педагогикалық идеяларын ұсыну және тарату нысандарының бірі болып табылады.

Байқаудың облыстық кезеңіне 12 бағыт бойынша 231 өтінім келіп түскен. Байқауға қатысуға ең үлкен қызығушылық танытқан пән мұғалімдерінің саны – 175, мектепке дейінгі ұйым педагогтерінің саны – 28. Ең танымал бағыттар бойынша оқу сауаттылығына – 53, жаратылыстану сауаттылығына – 40, цифрлық сауаттылыққа – 32, математикалық сауаттылыққа – 28, ерте сауаттылыққа – 28 жұмыс қабылданды. Байқауға қатысуға 206 педагогтен жеке, авторлық топтан 25 өтінім берілген. Байқау шартына сәйкес бейнесабақтар – 100, практикалық/зертханалық жұмыс – 25, бейнеподкаст – 30, дәріс – 15, шебер сынып – 35, семинар – 7, ЦББР – 19 жұмыс тіркелді.

Әрбір педагогтің ізденісі мен жаңашылдыққа ұмтылысына, кәсіби өсуіне, шеберлігін шыңдауына мүмкіндік беретін байқаудың өңірлік кезеңінде 70 қатысушы жүлдегер атанды. Байқауға қатысқан барлық педагогтерге қатысушы сертификаты беріледі.

Облыстық кезеңнің жеңімпаздарын марапаттау рәсімі 2024 жылдың 14 қарашасы күні сағат 15.00-де «Өрлеу» Қызылорда облысы бойынша филиалында (Әйтеке би, 2, 302 дәрісхана) өтеді.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<