Педагогикалық идеялар панорамасы – кәсіби шеберлік алаңы

1223

0

«Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығының ұйымдастыруымен шығармашыл ұстаздардың кәсіби шеберлігін арттыруға мүмкіндік беретін «Педагогикалық идеялар панорамасы – 2022» республикалық байқауы бастау алды.

Бүгін И.Әбдікәрімов атындағы Қызылорда аграрлық техникалық жоғары колледжінің оқытушыларына «Педагогикалық идеялар панорамасы – 2022» республикалық байқауы туралы түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Кездесу барысында колледж оқытушыларына республикалық байқаудың ережелері, мақсат мен міндеттері, бағыттары, қатысу тәртібі түсіндіріліп, байқауға қатысу өтінімін толтыру бейненұсқаулығы таныстырылды.

Байқаудың мақсаты – бірыңғай ақпараттық-білім кеңістігінде заманауи педагогикалық тәжірибені жинақтау және насихаттау, педагогтердің ақпараттық-коммуникациялық және технологиялық құзыреттіліктерін арттыру болып табылады. Байқауға ведомстволық бағыныстылығына, меншік түрі мен нысанына қарамастан 22 аталым бойынша білім беру ұйымдарының педагогикалық қызметкерлері қатыса алады. Республикалық байқаудың облыстық кезеңіне қатысушыларды тіркеу 1 наурыздан басталды.

Байқауға қатысу үшін www.ppi.orleu-edu.kz сілтемесі арқылы өтіп, тіркеле алады. Байқау туралы толық ақпаратты +77056378281 байланыс телефонына хабарласып, білуге болады.

Жанар Бержанова, «Өрлеу» Қызылорда облысы бойынша кәсіби даму институтының зертхана меңгерушісі

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<