Педагогтер пәндік құзыреттіліктерін дамытуда

781

0

11 қыркүйектен бастап Қызылорда облысының педагогтері орта мектепте күрделі тақырыптарды оқытуға, пән мазмұнын тереңдетуге бағытталған біліктілікті арттыру курстарында құзыреттілігін дамытуды бастады.

Аталған курстар:

мектеп басшыларының, басшы орынбасарларының кәсіби құзырлылық деңгейін қалыптастыруға;

география, физика, химия және информатика пәндерінің күрделі тақырыптары бойынша пән мұғалімдерінің пәндік құзыреттілігін дамытуға;

дизайн және көркемдік модельдеу саласында мұғалімдердің кәсіби құзыреттілігін арттыруға;

қазақ тілі және қазақ әдебиеті пәні педагогтерінің базалық және пәндік құзыреттілігін дамытуға;

бастауыш сынып мұғалімдерінің математика, қазақ тілі және әдебиеттік оқу пәндері бойынша пәндік құзыреттіліктерін дамытуға;

АӘТД педагог-ұйымдастырушыларының пәндік құзыреттіліктерін дамытуға;

арнайы білім беру ұйымдарында оқу-тәрбие және түзету процесін ұйымдастыруға;

дефектолог-мұғалімдердің ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалармен жұмыс істеуде түзету-дамыту қызметін оңтайландыруға бағытталған.

Курс аясында тыңдаушылар нормативтік-құқықтық құжаттарды оқыту үдерісінде қолдануды меңгереді, практикалық іс-әрекетте жүзеге асыру үшін білігі мен дағдыларын дамытады, оқытылатын пән саласындағы білімдерін тереңдетіп, пәндік және IT құзыреттіліктерін жетілдіреді.

Пәндік курстардың мазмұны мұғалімдердің жұмысын тиімді ұйымдастыру, әдістемелік көмек көрсетудің маңызы және оқу-тәрбие үдерісінің сапасын бағалау, кәсіби құзыреттіліктерді дамыту бағыттары бойынша тәжірибелік жұмыстарды қамтиды.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<