Пиццаға патшайымның аты қалай берілді?

987

0

«Маргарита» – бұл итальяндық пиццаның классикасы, барлық пиццерияның мәзірі содан басталады. Сіз бұл аспаздық шедеврдің итальяндық патшайым Маргарита есімімен аталғанын білесіз бе?

1889 жылы Италия патшайымы, Умберто I корольдің әйелі Савойя Маргарита Неапольге барды. Патшайым сол кезде Еуропадағы дәстүрлі француздық талғампаз тағамдардан жалыққан еді. Ол жергілікті тұрғындардың көпшілігінің үлкен шелпектерді жеп жатқанын көріп, қызығып кетті.

Патшайым шелпектердің бірін татып көрді және оларды ұнатқаны соншалық, Неапольдегі ең танымал пицца өндіруші Рафаэль Эспозитоны шақыртып, одан әр түрлі пиццалар пісіруді өтінді. Оның сүйіктісі қызанақ, моцарелла кесектері және насыбайгүл қосылған пицца болды, онда итальяндық тудың түстері де бар болатын.

Пицца патшайымға қатты ұнағаны соншалық, ол аспазға мақтау хат жолдады. Эспозито өзінің туындысын патшайымның атымен атады – осылайша Маргарита пиццасы пайда болды.

1878 жылы 9 қаңтарда Савойя Маргарита Италияның бірінші ханшайымы атанды. Ол 1878 жылдан 1900 жылы өлтірілгенге дейін билік жүргізген Италия королі Умберто I-нің әйелі болды. Итальян халқы арасында танымал болған патшайым Маргарита көптеген мәдени ұйымдармен, сондай-ақ Қызыл Ай қоғамымен белсенді ынтымақтастық жасады, өнерді насихаттаумен айналысты және музыканттарға білім алуға көмектесті.

Маргарита 1900 жылы 29 шілдеде жесір қалды. Тақ оның ұлы Виктор Эммануил III-ке өтті, ал Маргарита қайырымдылық жұмыстарымен және Италияда өнердің дамуына қатысты жобалармен айналысты. Маргарита өзінің «Маргарита» вилласында 1926 жылы 4 қаңтарда қайтыс болды. Римдегі Пантеонда күйеуінің жанына жерленген.

Дайындаған Малика Тұрғантай,

Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің студенті

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<