Алаяқтың құрбаны болған жергілікті тұрғын Қызылорда қалалық Полиция басқармасының кезекші бөліміне келіп арызданған. 53 жастағы азаматша өзінің арызында алаяққа алданғанын, осы жылдың шілде айында «көп қабатты тұрғын үйлердің бірінен пәтер алып беремін» – деп, уәде бергенін айтқан. Жұмыс ақысы үшін азаматшадан 1 миллион теңге ақшасын алған. Бұл жөнінде Қызылорда қалалық Полиция басқармасының баспасөз қызметі хабарлады.
Бірақ көп ұзамай ақшаны алдап алған азаматша телефон қоңырауларына жауап бермей, бүгінгі күнге дейін уәде етілген мәселесі шешімін таппағандықтан жәбірленуші әйел полицияға арыздануға мәжбүр болды. Полиция қызметкерлерімен жүргізілген жедел – іздестіру шараларының нәтижесінде 48 жастағы алаяқ әйел қолға түсті.
Аталған дерек, бойынша Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 190-бабының 1-бөлігімен (Алаяқтық) сотқа дейінгі тергеп-тексеру әрекеттері жүргізілуде. Күдіктіге қатысты ешқайда кетпеу және тиісті мінез-құлық туралы қолхат түрінде бұлтартпау шарасы таңдалды. Полицейлер оқиғаның мән – жайларын анықтауда.
Гүлбану МАҚАЖАН, «Сыр бойы»
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<