Пиротехникалық заттар тәркіленді

1342

0

Базарлар мен сауда орындарында облыстық полиция департаменті әкімшілік полиция басқармасы мен төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері «Пиротехника» жедел-профилактикалық іс-шарасын өткізді.

Бірлескен рейд нәтижесінде облыс бойынша пиротехникалық заттарды заңсыз сатудың 17 дерегі нақтыланды. Атап айтқанда, заңсыз сауда жасаудың 8 дерегі анықталып, 391 дана пиротехникалық зат тәркіленді. Ал елді мекендерде пиротехникалық бұйымдарды қолданудың 6 дерегі, оларды пайдалану, сату және сақтау ережелерін бұзудың  3 дерегі анықталып, құқық бұзушылар әкімшілік шараға тартылды.

– Аймақ тұрғындары мен қонақтарына пиротехникалық бұйымдарды тек арнайы дүкендерден сатып алу керектігін ескертеміз. Бұйымның қаптамасының бүлінбегеніне назар аударыңыздар. Сондай-ақ, өнімнің жарамдылық мерзіміне де көңіл бөлген жөн. Пиротехникалық бұйымдарды тиісті рұқсат құжаттарынсыз сатқандарға әкімшілік жауапкершілік қарастырылғанын ескертеміз, – дейді облыстық полиция департаментінің бастығы, полиция полковнигі Бектөре Сұлтан.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<