Пиротехникалық заттарды заңсыз сатқан

805

0

Қызылорда облысы көлемінде өтіп жатқан «Пиротехника» жедел-профилактикалық іс-шара барысында базарлар мен сауда орындарында Қызылорда облысы полиция департаментінің Әкімшілік полиция басқармасы және Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлерімен бірлесіп рейдтік іс-шаралар жүргізуде.

Жүргізілген рейдтік іс-шаралардың нәтижесінде облыс бойынша пиротехникалық заттарды заңсыз сатудың 17 дерегі анықталды.

Атап айтқанда тауарлармен немесе өзге де заттармен заңсыз сауда жасаудың (ҚР ӘҚБтК 196-бап) 8 дерегі анықталып, 391 дана пиротехникалық зат тәркіленді, ал елді-мекендерде пиротехникалық бұйымдарды қолданудың(436-бабының 3-бөлігі) 6 дерегі,  пиротехникалық заттарды пайдалану, сату және сақтау ережелерін бұзудың  (483-бабының 1-бөлігі) 3 дерегі анықталып, құқық бұзушыларға әкімшілік шара көрілді.

 «Өңір тұрғындары мен қонақтарын пиротехникалық бұйымдарды тек арнайы дүкендерден сатып алу керектігін ескертеміз, бұйымның қаптамасының бүлінбегеніне назар аударыңыздар. Сондай-ақ өнімнің жарамдылық мерзіміне де көңіл бөлген жөн. Пиротехникалық бұйымдарды тиісті рұқсат құжаттарынсыз сатқандарға әкімшілік жауапкершілік қарастырылғанын ескертеміз»,- деп атап өтті Қызылорда облысы Полиция департаментінің бастығы полиция полковнигі Бекторе Сұлтан.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<