Қазіргі кезде әлемдік білім кеңістігіндегі халықаралық стандарт талаптарына сай оқыту әр баланың алған білімін өз мақсаттарын іске асыру мен әлеуетін дамытуға, қоғам өміріне белсенді араласу барысында тиімді қолдана білуге бағыттау болып табылады.
PISA халықаралық зерттеуінің оқу сауаттылығы оқушылардың мәтіндерді түсіну, талдау және өз мақсаттарына сай пайдалану дағдыларын бағалайды. PISA зерттеуі арқылы әртүрлі мәтін түрлерімен жұмыс істеу оқушылардың оқу сауаттылығын тексеруге мүмкіндік береді. Бұл тек ақпаратты түсіну ғана емес, оны өмірде қолдану қабілетін де дамытуға жол ашады.
«Өрлеу» Қызылорда облысы бойынша филиалында «PISA халықаралық зерттеуі аясында оқу сауаттылығы бойынша мәтін түрлерімен жұмыс» тақырыбында облыстық ғылыми-тәжірибелік онлайн конференция өткізілді.
Конференцияның мақсаты оқу сауаттылығының заманауи талаптарын зерттеу және оларды білім беру үдерісіне енгізу жолдарын қарастыру, педагогтердің кәсіби жетілуін ынталандыру, заманауи педагогикалық технологияларды қолдану бағытындағы педагогикалық іс-тәжірибені таратудың инновациялық кеңістігін құру, қалыптастыру, орнықтыру арқылы PISA зерттеуінде оқу сауаттылығы бойынша көрсеткіштерді жақсарту болып табылады.
Онлайн форматта өткен конференция жұмысына ЖОО профессор-оқытушылары, жалпы орта білім беру ұйымдары, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарынан 70-ке жуық педагог қатысты.
Курстан кейінгі қолдауға бағытталған шара барысында қатысушылар оқу сауаттылығы бойынша мәтін түрлерімен жұмыс жасаудағы қиындықтар, мұғалімдерге әдістемелік қолдау көрсету, тәжірибе алмасу, педагогикалық теориялар мен тәжірибелердің жаңа тәсілдерін енгізу жолдары бойынша үздік іс-тәжірибелерімен бөлісті.
Конференция қорытындыланып, проблемалық сұрақтар қойылды, олардың шешімін табу жолдары талқыланды, тиімді ұсынымдар қабылданды. Бағдарлама бойынша үздік жұмыстарымен бөлісіп, баяндама жасаған педагогтерге Алғыс хат, қатысушыларға бірыңғай үлгідегі сертификаттар табысталды.
Педагогтердің ғылыми-әдістемелік және шығармашылық деңгейін дамытуды қолдауға, әр педагогтің өзінің тұлғалық кәсіби тұрғыдағы шеберлік деңгейін жетілдіруіне бағытталған әдістемелік шаралар жыл соңына дейін жалғасатын болады.
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<