Полиция қатарына қосылған жас сақшылар ант қабылдады

1264

0

Қызылорда облыстық полиция департаментінің алаңында Конституция күніне орай салтанатты жиын өтті. Шараға ішкі істер органдарының ардагерлері, департамент басшылығы мен жеке құрам қатысты.

Полиция қатарына қосылған жас сақшылар ант қабылдады

Шара барысында барлық санитарлық талап қатаң сақталды. Алдымен департамент бастығы, полиция полковнигі Сұлтан Бектөре ардагерлер мен қызметкерлерді айтулы мерекемен құттықтады.

«Ата Заңымыз – тәуелсіз еліміздің алтын қазығы, кемел келешегіміздің кепілі. Қай елдің болмасын заңға бағынбай өсіп-өркендеуі мүмкін емес. Сондықтан да тәуелсіздік тірегіне айналған Ата Заңымыз, Конституцияны құрметтеу біздің парызымыз» деді ол.

Шара барысында Ішкі істер Министрінің бұйрығымен 19 қызметкер марапатталды. Департамент басшысы міндетін адал атқарған, құқықтық тәртіп пен қауіпсіздікті қамтамасыз етуде ерекше көзге түскен 116 қызметкерге, оның ішінде 7 ардагерге марапаттарды табыс етті.

Сонымен қатар дәстүрге сай, мереке қарсаңында 4 жас маман ант беріп, құқық қорғау органдарының қатарына алынды. Жас мамандар қызметті адал және абыроймен атқаруға, азаматтардың құқығы мен бостандығын қорғауға салтанатты түрде ант берді.

Полиция қатарына қосылған жас сақшылар ант қабылдады

Бұған қоса шарада бокстан Ұлттық құрама капитаны, Қызылорда қалалық полиция басқармасының қызметкері Қамшыбек Қоңқабаев пен бапкері Сейтжан Түкенов Токиодағы Олимпиада ойындарында жеткен жоғары көрсеткіштері үшін «Халықаралық ынтымақтастықты дамытуға қосқан үлесі үшін» медалін кеудесіне тақты.

«СБ» ақпарат

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<