Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев ішкі істер органдарының қызметкерлеріне эпидемияға қарсы шараларға қатысқаны үшін сыйақы берілетінін мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Еске сала кетсек, бұған дейін Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев коронавирус инфекциясымен күрес бойынша жұмыстарға қосымша 238,7 млрд теңге бөлінетінін Үкіметте айтқан еді.
«Осы қаражат шеңберінде келесі шаралар жоспарланып отыр: карантин іс-шараларын жүргізуге тартылған медицина қызметкерлеріне жалпы сомасы 143,4 млрд теңгеге қосымша ақы төленеді. Тегін медициналық көмектің кепілдендірілген көлемі шеңберінде COVID – 19-дың таралуына жол бермеу мақсатында медициналық қызметтерге 83,2 млрд теңге беріледі. Сондай-ақ ішкі істер органдарының қызметкерлеріне эпидемияға қарсы іс-шараларға қатысқаны үшін сыйлықақы үшін 11,7 млрд теңге аударылады», – деді ол.
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<