Еліміздің саяси өміріндегі нәтижелі реформаларды жүзеге асыруда «Nur Otan» партиясы қашанда халық үмітін ақтап жүргені белгілі. Себебі, «Nur Otan» партиясы еліміздегі саны жағынан басым, ресурстық базасы тұрғысынан да ең әлеуетті ұйым. Алайда партия бұған тоқмейілсімей жұмысын жандандыруға қадам жасап келді.
Праймеризге келсек бұл – партияішілік іріктеу, таңдау. Әлемнің жетекші елдерінде бұл тәжірибе қолданысқа енген. «Nur Otan» партиясы праймериз өткізу арқылы, елдің дамуына мүдделі, жігерлі, патриот азаматтар үшін жаңа «әлеуметтік лифтті» пайдалана отырып сол таңдаудың нәтижесінде партияның кадрлық резервін қалыптастырып, мықты лидерлер жасақтаса, ол ертең елге қызмет ететін Мәслихаттардың да, Мәжілістің де мықты болуының бірден бір кепілі.
«Nur Otan» партиясы праймериз тәсілімен іріктеуді алғаш рет өткізгелі отыр. Бұл өз кезегінде жетекші партияның саяси белсенділігін арттырып, қоғам талаптарына сай өзгеріп, нақты реформалар жасауға сеп болады. Біз өз тарапымыздан праймериздің әділ, ашық талқылаулар арқылы қордаланған мәселелердің шешімін табуға жұмыс жасаудамыз. Ол үшін, шалғай өңірлердегі проблемаларды шешуде жергілікті азаматтардың ой-пікірін, күш-жігерін бағдарға алу бізге аса маңызды.
Партияішілік ірктеуге тіркелген үміткерлер 7 қыркүйектен бастап үгіт насихат жұмыстарын бастап кетті. Үгіт насихат жұмыстарының ең бір маңызды әрі барлық кандидаттар үшін міндетті болып табылатын қадамының бірі жария пікір-сайыс, бұл бағытта барлық үміткерлердің қатысуымен онлайн режимде, онлайн генератор көмегімен пікірсайысқа түсетін азаматтарды топтарға бөлу жұмыстары жүргізілді. Жария пікір сайыс кеше яғни, 14 қыркүйектен басталды. 28 қыркүйек аралығында өтетін болады. Праймериздің әділ ашық өтуін барлық үміткерлердің сенімді өкілдері, партиялық бақылау комиссиялары сонымен қатар, партияның жақтастар лигасының мүшелері бақылауда ұстап отыр.
Қызылорда облысы бойынша партияішілік іріктеуге 502 үміткер тіркелді. Олардың 32 пайызы әйелдер, 22 –сі көп балалы аналар. 28 пайызы 35 жасқа дейінгі жастар. Сондай-ақ, 1 – қандас, 7 – ерекше қажеттіліктері бар азаматтар бар. 153 үміткер партияның бастауыш ұйымдарынан ұсынылса, 349 – ы өзін-өзі ұсынушылар.
«Тұран» филиалы бойынша праймеризге 5 үміткер қатысуда, төртеуің бастауыш партия ұйымы ұсынса, бір үміткер өзін-өзі ұсынып бағын сынауға шешім қабылдады. Праймеризге қатысамын деген үміткерлердің барлығына дерлік үгіт насихат жұмысын жүргізуге бірдей жағдай жасалған.
Сыр өңіріне келген «Nur Otan» партиясының Хатшысы Арман Қырықбаев өңірлік партия филиалының партияішілік іріктеуге дайындығын пысықтап, кандидаттармен кездесу барысындажалпы праймеризді шын мықтының бағы сыналатын айтыс өнерімен теңеген болатын.Онда праймериз шын мықтыларды анықатауға мүмкіндік жасайтын алаң және осы алаңда додаға түскен барлық үміткерлерге сәттілік тілеймін.
Есенжол Назаров,
«Nur Otan» партиясы
«Тұран» филиалы төрағасының
бірінші орынбасары
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<