Премьер-министрдің кеңесшісі облыстағы жұмыс сапарын жалғастыруда

404

0

Фото: Облыстық ауылшаруашылығы басқармасы

ҚР Премьер-Министрінің кеңесшісі облыс әкімінің орынбасары Қайрат Нұртай мен облыстық ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасының басшысы Талғат Дүйсебаевпен бірге «Ауыл аманаты» бағдарламасы аясында ашылған қала орталығындағы бірқатар кәсіпорындарды аралады.

Алдымен, жеңілдетілген пайызбен 7 млн. теңге несие алып, ғимараттардың сыртқы және ішкі қабырғалар мен төбелерді жабуға арналған сызықтық панельдер жасайтын цехтың жұмысымен танысты. Сондай-ақ, Ералы Тоғжанов күніне 60-70 торт және кондитер өнімдерін шығаратын цехтың жұмыс барысын көрді. Кәсіпкер 8 млн. теңгеге несие алып, кондитерлік өнімдерді пісіруге арналған құрал-жабдықтарын сатып алған.

Бұдан әрі, тәулігіне өндіріс қуаты 60-70 дана пеноблок шығаратын кәсіпорынның жұмысын қарап, кәсіпкермен кездесіп, олардың ұсыныс-пікірлерін тыңдады.

Премьер-министрдің кеңесшісі Ералы Тоғжанов өңірдегі жұмыстарды оң бағалап, жобаны жалғастыруды, үздік тәжірибелерді батыл енгізуді тапсырды.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<