ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев республикалық телеарналар арқылы елімізде қалыптасқан ахуалға байланысты үндеу жасайды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәлиге сілтеме жасап.
«Бүгін сағат 20:30-дa Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев республикалық телеарналар арқылы елімізде қалыптасқан ахуалға байланысты телевизиялық үндеу жасайды. Президент пандемияға қарсы күрес барысында барша қазақстандықтарды мазалаған проблемалар туралы айтуды жоспарлап отыр», деп жазды Берік Уәли Facebook -тегі парақшасында.
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<