Президент Елтаңба авторына құрмет білдірді

817

0

Биыл – Қазақстанның мемлекеттік рәміздерінің бекітілгеніне 30 жыл. Ал бүгін мемлекеттік Елтаңбаның авторы, қоғам қайраткері, белгілі сәулетші Жандарбек Мәлібекұлы 80 жасқа толып отыр. Президент Жандарбек Мәлібекұлын мерейтойымен құттықтап, жылы лебізі мен ізгі тілегін жеткізді.

«Мемлекет басшысы өз құттықтауында Елтаңба авторының Тәуелсіз Қазақстан мен елорданы құру және дамыту ісіндегі сіңірген еңбегін атап өтіп, оған зор денсаулық, шығармашылық шабыт және отбасына бақ-береке тіледі», – деп жазды президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли әлеуметтік желіде.Наурыз мейрамы қарсаңында Қасым-Жомарт Тоқаев Жандарбек Мәлібекұлын I дәрежелі «Барыс» орденімен марапаттаған болатын.Айта кетейік, Жандарбек Мәлібекұлы 1942 жылы 24 наурызда Қызылорда облысы Жаңақорған ауданы Екпінді ауылында дүниеге келді.Ташкент политехника институтының сәулет өнері факультетін тәмамдады. Жандарбек Мәлібекұлы Қазақстанның мемлекеттік рәміздері жобасының конкурсына 50 жасында қатысқан. Ол кезде рәміз авторы Өзбекстандағы Самарқандтың бас сәулетшісі болған.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<