Президент: Өрттен зардап шеккендерге жеке көмек көрсетемін

539

0

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев өрттен зардап шеккендерге жеке өзі көмек беретінін айтты, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Мемлекет басшысы зардап шеккен барлық отбасыға жеке жәрдемақы тағайындалатынын айтты.

«Мен сіздерге уәде беремін. Президент жанынан арнайы қор құрылады. Зардап шеккендерге жеке көмек көрсетемін», – деді ол.

Ол келесі аптада барлық мәселе шешілетініне уәде берді.

«Атқарушылардың барлығы осында. Сіздердің барлық қажеттілігіңіз бойынша тізім жасалады. Бүгін – жексенбі, келесі аптада барлық мәселе шешіледі. Өтініштеріңіздің бәрі орындалады, – деді Президент.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<