Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ҚХР төрағасы Си Цзиньпиннің шақыруымен Бейжіңге жұмыс сапарымен барды. Бұл туралы Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли мәлімдеді.
«Бүгін Мемлекет басшысы XXIV Қысқы Олимпиада ойындарының ашылу салтанатына қатысады», – делінген хабарламада.
5 ақпанда Қасым-Жомарт Тоқаев пен Си Цзиньпин келіссөз өткізеді. Келіссөз барысында Қазақстан мен Қытай арасындағы жан-жақты стратегиялық ынтымақтастықтың даму бағыттары талқыланады.
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<