Сырдария аудандық жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен пробация есебіндегі азаматтар арасында үстел теннисінен жарыс өтті. Спорттық шараның негізгі мақсаты – пробация есебінде тұрған жастардың қоғамға бейімделуіне ықпал ету, олардың спорт арқылы денсаулығын нығайтып, әлеуметтік байланыстарын жақсарту болды.
Сайысқа Сырдария аудандық прокуратурасының прокуроры Алдаберген Қасымжомарт Маратұлы мен аудандық пробация қызметінің инспекторы, әділет майоры Сақыбеков Асылжан Сақыбекұлы қатысып, жарысқа қатысушыларға сәттілік тіледі.
Үстел теннисі жарысы барысында қатысушылар өздерінің жоғары деңгейдегі дайындығын, шеберлігін көрсетіп, тартысты ойын өтті. Жарыс нәтижесінде үздік шыққан қатысушылар арнайы дипломдармен және бағалы сыйлықтармен марапатталды. Бұл жарыс тек спорттық сайыс қана емес, сондай-ақ азаматтардың қоғаммен араласуына, өзіне деген сенімділігін арттыруға бағытталған маңызды шара болды.
«Сайыста жеңіске жеткеніме өте қуаныштымын. Бұл жарыс маған өмірге деген көзқарасымды өзгертуге көмектесті. Спорт арқылы өзімді жетілдіріп, алға ұмтылуға шабыт алдым. Осындай шаралар бізгеүлкен қолдау көрсетіп, болашаққа жаңа көзқараспен қарауға мүмкіндік береді,» – дейді сотталған азамат.
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<