Профилактика жұмыстары жүргізілуде

159

0

Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаменті мемлекеттiк органдардың мемлекеттік қызмет саласындағы заңнамасының сақталуын бақылауды жүзеге асырады.

Осы бағытта 2025 жылы Департаментке барлығы 61 жолданым түсіп, мемлекеттік қызмет саласындағы бақылау басқармасымен 16 жолданым қаралды, оның ішінде 5-уі өз құзыреті шегінде қаралса, 8-і басқа мемлекеттік органдарға қарау үшін жолданды, 3-уі өтініш иесінің өтініші бойынша қараусыз қалдырылды.

Қаралған 5 жолданымның 2-уі бойынша қолданыстағы заңнама талаптарына сәйкес түсіндірме берілсе, 3 жолданым бойынша жоспардан тыс тексеру жүргізілді.

Мемлекеттік қызмет саласындағы бақылау басқармасымен барлығы 8 тексеру жүргізілді, оның ішінде 2 жоспарлы және 6 жоспардан тыс тексеру.

Нәтижесімен, барлығы 357 бұзушылық анықталып, мемлекеттік қызмет саласындағы заңнама бұзушылықтарын жою туралы мемлекеттік органдарға 3 ұсыну енгізіліп, олардың барлығы толық орындалды.

Қызылорда облысындағы Әдеп жөніндегі кеңеспен 2025 жылы 2отырыс өткізіліп, 9мәселе қаралды.

Қаралған мәселелердің 3-уі тәртіптік істер болса, 6 профилактикалық бағыттағы есептер мен талдау қорытындылары.

Оның ішінде, 3 мәселемен мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнамалары, Әдеп кодексі бұзушылықтарының профилактикасы бағытында атқарған жұмыстары, 2 мәселемен Әдеп жөніндегі уәкілдердің есептері, 1 мәселемен мемлекеттік органдардың тәртіптік практикасын талдау қорытындылары негізінде тәртіптік комиссиялардың жұмыс нәтижелері қаралды.

Кеңес отырыстарында Әдеп кодексінің талаптарын бұзу бойынша 1 тәртіптік іс, мемлекеттік қызметке кір келтіретін теріс қылықтар бойынша 2 тәртіптік іс қаралды.

Тәртіптік істерді қарау нәтижелерімен Әдеп кодексінің талаптарын бұзғаны үшін 1 мемлекеттік қызметші, мемлекеттік қызметке кір келтіретін тәртіптік теріс қылықтарға жол бергені үшін 2 мемлекеттік қызметші тәртіптік жауапкершіліктерге тартылды.

Мысалы, 2025 жылдың 21 қаңтарында «Facebook» әлеуметтік желісінің қолданушысы аз-ша Д-ның жеке парақшасында Қазалы ауданының әкімі аппаратына қарасты дербес бөлім басшысының әрекетіне қатысты сыни жарияланым шықты.

Аталған жарияланымда бөлім басшысы аз-ша Д-ның ұялы телефонына хабарласып, сөйлесу барысында ар-намысын қорлайтын «мойныңды жұлып алам, көріңнен қазып алам» деген сынды сөздер айтылғаны көрсетіліп, телефонмен сөйлесу барысында жазылған аудиожазбаны жүктеген.

Департамент тарапынан бөлім басшысына қатысты тәртіптік іс қозғалып, қызметтік тергеп-тексеру жүргізілді.

Нәтижесімен, бөлім басшысы өзінің іс-әрекеттерімен «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметшілерінің Әдеп кодексінің» 6-тармағының 4) тармақшасында көзделген талаптардың бұзылуына жол бергендігі анықталды.

Кеңес шешімімен бөлім басшысына қатаң сөгіс түріндегі тәртіптік жаза қолданылып, азаматша Д.-ның бұзылған құқықтары қалпына келтірілді.

Атап өту керек, Департамент тарапынан мемлекеттік қызмет туралы заңнаманы, қызметтік әдепті бұзу фактілерін болдырмау және әдепсіз мінез-құлық жағдайларының алдын алу мақсатында 2025 жылдың 1 тоқсанында 16 түсіндіру шаралары жүргізілді.

Оның ішінде, мемлекеттік органдарға бару арқылы 8 шара өткізіліп, мемлекеттік қызметшілерге «Мемлекеттік қызметшілерімен заңнамада көзделген шектеулерді, мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексінің талаптарын сақтау» тақырыбында семинарлар өткізілді.

Сонымен қатар, семинарлар барысында құмар ойынмен ойнауға шектеу қойылғаны, шектеуді сақтамаған жағдайда мемлекеттік қызметші жұмыстан босатылатыны қатаң ескертілуде.

Осы жүргізілген профилактикалық жұмыстардың нәтижесінде Әдеп жөніндегі кеңесте қаралатын тәртіптік істердің саны жыл сайын азаюда.

Жүргізілген семинарлардың басты мақсаты – қызметшілердің мемлекеттік қызметте өзара қарым-қатынастың жоғары мәдениетін, парасаттылық атмосферасын қалыптастыру және бейәдеп мінез-құлық жағдайларына жол бергізбеу.

Т.Нуртаев,

Қазақстан Республикасы  Мемлекеттік қызмет істері

агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаменті

мемлекеттік қызмет саласындағы бақылау

басқармасының басшысы

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<