Прокуратура қызметкерлерін кәсіби мерекемен құттықтады

502

0

Фото: Сырдария ауданы әкімдігі

Бүгін аудан әкімі Берік Сәрменбаев аудандық прокуратура қызметкерлерін қабылдап, кәсіби мерекемен құттықтады.

– Тәуелсіздікпен қатар жасап келе жатқан прокуратура органдары – құқық қорғау жүйесінің орталық институттарының біріне айналды. Прокуратура органдары бүгінгі таңда адамдардың конституицялық құқығын қорғау, заңдылық пен құқықтық тәртіп саласында өз міндеттерін жоғары деңгейде атқаруда. Қоғамдағы заңдылық пен тәртіпті, азаматтардың конституциялық құқықтары мен бостандықтарын қорғау және тұтас мемлекеттің құқықтық саясатын жүзеге асыру жолында Сіздердің еңбектеріңіз өлшеусіз. Заңдылықты нығайту жолындағы қызметтеріңізге табыс тілеймін, – деді Берік Әбдіғаппарұлы.

Мекерелік қабылдауда прокуратура саласының қызметкерлеріне аудан әкімінің «Алғыс хаты» табыс етілді.

Аудан прокуроры Асқар Кемалов кәсіби мерекеде құрмет көрсеткен аудан әкіміне ризашылығын жеткізіп, әріптестерін мерекемен құттықтады.

Сырдария ауданы әкімінің баспасөз қызметі

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<