Психологиялық тренинг өткізді

443

0

Фото автордан

Қылмыстық-атқару жүйесі департаменті №60 мекемесінің психологиялық қамтамасыз ету тобының психолог мамандары мен ТБУ инспекторы әділет капитаны С.Насыровамен бірлесіп сотталған азаматтар арасында «Бостандыққа психологиялық дайындық» тақырыбында тренинг өткізді.

Тренингтің негізгі мақсаты жазасын өтеуші азаматтарды бостандық өмірге дайындай отырып, көпшілік арасында тиімді байланыс орнатуға, әрі қарай бірлескен әрекеттерді жеңілдететін сенімді қатынастарды дамытуға қалыптастыру. Топта жұмыс істеуге оң көңіл-күйді сақтай отырып, ішкі сезімдерімен еркін бөлісуге дағдыландыру.

Тренингте «Өзін-өзі таныстыру», «Қуаныш», «Ойлан,тап» психологиялық тренинг жаттығулары өткізілді.

Жастықпен жаза басып, мерзімімді осы мекемеде өтеп отырмын. Темір тордың арғы жағындағы өмір кімді болса да күйзеліске түсіретіні анық. Сол себепті мекеме қызметкерлері бізді қоғамға қайта дағдылау жұмыстарын жүргізіп жатқаны үшін алғысымды білдіремін,- дейді сотталған С. есімді азамат.

Қорытындылау барысында «шеринг» әдісі қолданылды.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<