Психологиялық жаттығулар өтті

386

0

ҚАЖ департаменті ЗК-169/1 мекемесінде психологтар А.Мырзалы, А.Орынбаев және ЗК-169/5 мекемесі психологтарының қатысуымен шаруашылық бөлімінде қалдырылған сотталғандарға «Алақанға жан бітір», «Құпия дос» тақырыбында іс-шара өтті. Онда ойындар ойнатылып тренинг жаттығулар жүргізілді.
Психологтың көмегіне сүйенген көптеген адамдардың шынайы проблемасы – олардың өздерін не толғандырып жүргені туралы сырын ешкімге айта алмауы.
Жаза өтеуші сотталған азаматтарға психологиялық көмек көрсету негізінде жағымды эмоциялар және оқиғаны адам үшін пайдалы екендігін көрсетіп, қажеттіліктер қанағаттанғанда немесе осыған септігін тигізген жағдайда пайда болатыны көрсетілді. Адамның қоршаған ортамен қарым-қатынасының күрделілігін және қарама-қайшылығы бағытыда айтылды. Қорқыныш үрейге толы сезімдері психологиялық түрлі тренинг, жеке әңгімелесулерден кейін олар ондай сезімдерден арылып, жаңа өмір бастауға қадам жасап жатады.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<