Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы Қадір түнінде мешіттердің қалай жұмыс істейтінін айтты.
«Қазір жамағатпен намаз мешітте оқылмайды. Алайда, Қадір түніне дейін қаламыз «жасыл аймаққа» ауысса, жамағатпен бірге намазды оқуға мүмкіндік аламыз», – деп түсіндірді Наурызбай қажы Тағанұлы.
Сонымен қатар «сары аймақта» орналасқан мешіттерде бес рет намаз оқуға рұқсат етілген, бірақ жұма намазын оқуға болмайды. Тарауих дұғалары қысқа оқылады. Ал «жасыл аймақта» бес рет намаз, жұма намазы, тарауих намазын оқуға рұқсат етілген.
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<