Қай өңірдің мұғалімдері жоғары жалақы алады?

630

0

Фото: ашық дереккөз

2023 жылдың үшінші тоқсанында білім беру саласында 1,2 млн адам жұмыс істейді, бұл былтырғымен салыстырғанда 2,8% көп, деп хабарлады turkystan.kz ranking.kz сайтына сілтеме жасап хабарлады.

Білім беру саласында ең көп жұмыспен қамтылғандар халқы тығыз орналасқан Түркістан облысында болды: 146,7 мың адам, бір жылда 2,9% азайған.

Екінші және үшінші орындарды Алматы қаласы (112,6 мың адам, 16,8% көбейген) және Жамбыл облысы (83,8 мың адам, 3,5% көбейген) иеленді.

Секторда ең аз жұмыспен қамтылғандар Ұлытау, Абай және Солтүстік Қазақстан облыстарында тіркелген.

Биыл үшінші тоқсанда білім беру саласындағы орташа айлық атаулы жалақы 247,4 мың теңгені құрап, былтырғыдан 11% көбейді. Инфляцияны ескере отырып, жалақының сатып алу қабілеті 1,7% төмендеді.

«Өңірлер бойынша сала қызметкерлері елордада ең көп алған: 338,7 мың теңге — былтырғыдан 5,7% аз. Үздік үштікке сондай-ақ Алматы (279,1 мың теңге) мен Қостанай облысы (279 мың теңге) кірді», – делінген хабарламада.

Ең аз алған білім саласы қызметкерлері Маңғыстау облысында: 216,2 мың теңге.

«Саладағы ең жоғары жалақыны жоғары оқу орындарының қызметкерлері (333,4 мың теңге), ең азын мектепке дейінгі білім беру саласының қызметкерлері (156,3 мың теңге) алды», – делінген хабарламада.

Орта білім беру саласында жұмысшылар 269,7 мың теңге, білім беру саласындағы қосымша қызметте — 280,3 мың теңге, бастауыш білім беру саласында — 190,4 мың теңге, білімнің басқа түрлері бойынша жұмыскерлер орта есеппен 214,1 мың теңге алған.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<