Қайғылы апат қайталанбасын!

419

0

Сурет ашық дереккөз

Қарағандыдағы қайғылы оқиға ешкімді бей-жай қалдырмады. «Костенко» шахтасында өрт шығып, жарылыс орын алғанын дүйім жұрт естіді. Азаматтарынан айырылған азалы отбасылардың басынан кешкен ауыртпалықты Мемлекет басшысынан бастап, қазақ елі де көтеріп жатыр. Бірге күңіреніп, бірге қайғыруда. Тіпті осы оқиғаға өзге де мемлекет басшылары көңіл айту жеделхатын жолдап, халық қайғысына ортақтастық білдіргені – бұл жағдайдың тым салмақты екенін көрсетіп отыр.

Бұл ауыр жағдайға байланысты Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаевтың жарлығымен бүгін, яғни, 29 қазан – жалпыұлттық аза тұту күні болып жарияланды. Сондай-ақ Президент қайғы жабылған әр отбасыға материалдық тұрғыда көмек берілетінін әрі оны өз бақылауында ұстайтынан да жеткізіп отыр.

Иә, Сыр елі де шахтада қаза тапқан жандарға Құран бағыштап, апат салдарынан ауыр хәлде жатқан азаматтардың амандығын тілеуде. Қара жамылған қарағандылық
кеншілердің әр отбасысына сабыр тілейміз. Жараланған азаматтардың тез аяққа тұрып, сауығып кетуіне тілектестік білдіреміз. Қазақ жұрты бұдан былай қайғылы апаттардан аман болғай!

Медеу ЕСХОЖАЕВ, «АгроӨркен» ЖШС төрағасы.
Қазалы ауданы.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<