Қайнаған су денсаулыққа зиян ба?

1332

0

Фото: ашық дереккөз

Қытай ғалымдары бірқатар эксперименттер нәтижесінде екі немесе одан да көп қайнаған судың зияны туралы кең таралған ақпараттың дұрыс емес екенін анықтады. Бұл туралы Journal of Water and Health хабарлады деп жазды Massaget.kz ақпараттық агенттігі.

Қайнаған судың зияны және тіпті қауіптілігі туралы көптеген пікір бар. Суды алғаш қайнатқанда оның құрамында зиянды химиялық қосылыстар түзіле бастайды, ал қайта-қайта қайнаса, олардың концентрациясы бірнеше есе артады деп есептеледі. Кейбір зерттеушілердің пікірінше, су тіпті «ауыр» болады – ондағы дейтерий сутегінің изотопын түзеді. «Ауыр» су әдетте ядролық реакторларда қолданылады.

Бұл мәлімдемелерді тексеру үшін қытай ғалымдары суды қайта-қайта қайнату арқылы тәжірибе жасады. Әр жолы су сынамаларын алып, магний, мырыш, алюминий, темір, хром, сынап, қорғасын, мыс, селен, кадмий, сурьма, хлорды өлшеп, түсін, иісін, мөлдірлігін, ішек таяқшасының бар-жоғын тексерді.

Көп сағаттық сынақтар мен үлгілерді талдаудан кейін бірнеше рет қайнатылған су да қауіпсіздік стандарттарына сәйкес келетіні анықталды.

Тек рН деңгейі сәл өсті – 8,95-ке дейін (әдетте стандарттар – 6,5-тен 8,5-ке дейін қауіпсіз). Бұл су ішуге қауіпсіз дегенді білдіреді. Тек қайта-қайта қайнатылған судың қарапайым суға қарағанда дәмі әлдеқайда ащы екені анықталды.

Ғалымдардың айтуынша, ағын суға қарағанда, қайнаған суды салқындатылған немесе жылы ішу денсаулыққа пайдалы. Өйткені қайнатылған су патогендік микроорганизмдерді тиімді түрде өлтіреді және дезинфекциялық заттардың қалдықтарын азайтады.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<