Бүгін Қызылорда облысының 85 жылдық және Сырдария ауданының 95 жылдық мерейтойы аясында Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Тынышбек Дайрабайдың 80 жасқа толу мерейтойы аталып өтілді. Мерейтойлық іс-шараға аудан әкімі Берік Сәрменбаев, мемлекет және қоғам қайраткері Алмагүл Божанова, Қазақстан Жазушылар және Журналистер Одағының мүшесі Тынышбек Дайрабай, аудан меймандары мен зиялы қауым өкілдері қатысты.
Іс-шарада облыстық жазба ақындар мүшәйрасы ұйымдастырылып, ақындар аудан жетістігі мен ардақты азаматтың еңбегін жырға қосты.
Мәдени-әдеби іс-шарада аудан әкімі Берік Сәрменбаев Тынышбек Дайрабайдың есімі тарих, әдебиет, мәдениет, журналистика салаларында құрметпен аталатынын айтты.
– Сырбойылық қаламгер бұрынғы Тереңөзек ауданының «Еңбек туы» газетінде бөлім меңгерушісі, редактор, «Қараөзек» кеңшарының партком хатшысы, Тереңөзек аудандық партком бөлімінің меңгерушісі, аудандық атқару комитеті төрағасының орынбасары, аудан әкімінің орынбасары қызметтерін абыроймен атқарды. Сондай-ақ, халықаралық «Түркістан» газетінде жемісті еңбек етіп, өзінің ғылыми, тарихи-танымдық мақалаларын республикалық газет-журналдарға жариялап, ел тарихын түгендеуге айрықша үлес қосты. Қаламы жүйрік қаламгер – «Тереңөзек», «Тұғыры биік тұлға», «Қорқыт ата» энциклопедиясы, «Сырдың сырлы сыры», «Ақын
Бүгін Қызылорда облысының 85 жылдық және Сырдария ауданының 95 жылдық мерейтойы аясында Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Тынышбек Дайрабайдың 80 жасқа толу мерейтойы аталып өтілді. Мерейтойлық іс-шараға аудан әкімі Берік Сәрменбаев, мемлекет және қоғам қайраткері Алмагүл Божанова, Қазақстан Жазушылар және Журналистер Одағының мүшесі Тынышбек Дайрабай, аудан меймандары мен зиялы қауым өкілдері қатысты.
Іс-шарада облыстық жазба ақындар мүшәйрасы ұйымдастырылып, ақындар аудан жетістігі мен ардақты азаматтың еңбегін жырға қосты.
Мәдени-әдеби іс-шарада аудан әкімі Берік Сәрменбаев Тынышбек Дайрабайдың есімі тарих, әдебиет, мәдениет, журналистика салаларында құрметпен аталатынын айтты.
– Сырбойылық қаламгер бұрынғы Тереңөзек ауданының «Еңбек туы» газетінде бөлім меңгерушісі, редактор, «Қараөзек» кеңшарының партком хатшысы, Тереңөзек аудандық партком бөлімінің меңгерушісі, аудандық атқару комитеті төрағасының орынбасары, аудан әкімінің орынбасары қызметтерін абыроймен атқарды. Сондай-ақ, халықаралық «Түркістан» газетінде жемісті еңбек етіп, өзінің ғылыми, тарихи-танымдық мақалаларын республикалық газет-журналдарға жариялап, ел тарихын түгендеуге айрықша үлес қосты. Қаламы жүйрік қаламгер – «Тереңөзек», «Тұғыры биік тұлға», «Қорқыт ата» энциклопедиясы, «Сырдың сырлы сыры», «Ақын Қуаныш Баймағамбетов», «Сырдария ауданының шежіресі», «Сыр перзенттері» және басқа да 30-дан астам еңбектердің авторы. Осындай еңбегінің нәтижесінде Тынышбек Дайрабай Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі, Қазақстан Республикасының мәдениет қайраткері, Сырдария, Жалағаш, Қармақшы аудандарының және Қызылорда қаласының Құрметті азаматы, Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің «Құрметті профессоры» атанды, – деген аудан әкімі кеш иесіне қазақы дәстүрмен иығына шапан жауып, құрмет көрсетті.
Мерейтойлық іс-шарада мемлекет және қоғам қайраткері Алмагүл Божанова мен аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Мұса Келдібаев өлке тарихын зерттеушінің елге атқарған қызметіне тоқталып, көпшілікті мерекемен құттықтады.
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<