«Қайсар» алтыншы орынға көтерілді

500

0

Қызылорданың «Қайсары» өткен турда өз алаңында Ақтаудың «Каспий» командасын қабылдады. 23-тур аясында болған кездесуде жерлестеріміз қарсыласын 3:1 есебімен қапы қалдырып, Премьер-лигадағы орнын сақтап қалды.

Ойын барысында қос команда толассыз шабуылға көңіл бөлді. Десе де алғашқы голды ақтаулық командадан 23-минутта Илья Черняк соғып кетті. Екінші кезеңде алаң иелері ширақ қимылдап, жиі шабуылға шықты. 55-минутта «Каспий» қақпасына пенальти белгіленіп, оны орындау барысында қызылордалық командадан Дмитрий Бородин мүлт кеткен жоқ. Одан кейін Елжас Алтынбеков 57, Бақдәулет Зулфикаров 78-минутта екі гол соғып, қорытынды есеп белгіленді.

Бұл жеңістен кейін «Қайсар» турнир кестесінде алтыншы орынға көтерілді.

Енді жерлестеріміз алдағы ойынын 1 қазанда Павлодарда «Ақсу» командасына қарсы өткізеді.

«СБ» ақпарат 

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<