Қайта вакцинациялау жұмыстары жалғасуда

707

0

Қызылорда гарнизонындағы әскери бөлімде санитарлық-эпидемиологиялық нормаларды сақтай отырып жеке құрамды COVID-19-ға қарсы қайта вакцинациялау жалғасын табуда. Бүгінгі күнге дейін үш жүзден астам әскери және азаматтық персонал екпе салдырды.

Қайта екпе салу мемлекет басшысының халыққа ревакцинация науқанын жүргізу жөніндегі тапсырмасына сай орындалуда. Осы орайда, Қызылорда қалалық медицина қызметкерлері бөлім әскери қызметшілеріне сапалы және барлық жағдайды жасай отырып екпе жұмыстарын жүргізуде.

Вакцина егу алдында әрбір әскери қызметшіден екпе алдындағы барлық керекті медициналық тексерулер мен әңгімесулер өткізілуде. Әскери дәрігерлер тарапынан жеке құрамға екпе салудың артықшылықтары мен өзі, отбасы және орта үшін маңыздылығы түсіндірілуде. Вакциналаудан өтудің негізгі себебі ол – өзіңді және айналаңдағы адамдардың денсаулығына бейжай қарамау.

– Екпе салу алдымен өзімнің денсаулығым, отбасым мен ортадағы адамдардың саулығы үшін маңызды. Бөлімнің әскери қызметшілеріне қолдау көрсетіп, екпе жұмыстарын салып жатқан дәрігерлерге алғысымды білдіремін, – дейді қатардағы жауынгер Данабек Жұмакелдиев.

         Төтенше жағдай режимін қамтамасыз етуге жұмылдырылған әскери қызметшілер орналасқан жерде медициналық қамтамасыз ету ұйымдастырылды. Әскери дәрігерлер жеке құрамның денсаулық жағдайын қадағалауда.

Қызылорда гарнизоны баспасөз қызметінің бастығы

лейтенант  Мұхит Қонаров

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<