Қайта жасанған орталық алаң

262

0

Қызылорда қаласындағы орталық алаңда жұртшылықтың серуендеуіне қолайлы жағдай туды. Алаңдағы жаңашылдыққа қала тұрғындары мен қонақтары ризашылық білдіруде.

Еске сала кетейік, өткен жылы облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаевтың тапсырмасына сәйкес, аймақтың бас қаласын көркейтуге ерекше маңыз беріліп, игілікті істің бірі орталық алаңда бастау алған болатын. Жоба бойынша алаңға субұрқақтар, қиыршық тас, жолжиек тас төселіп, жарық диодты шамдар қойылып, газон, көпжылдық жасыл көшеттер отырғызылды. Сонымен қатар, шағын архитектуралық пішімдемелер қойылды.

Мұнда жаңа үлгідегі орындықтар, жарық бағаналары және балалар ойын алаңы орналастырылған. Нақты кезеңде Ы.Жақаев және Қорқыт ата көшелерінен орталық алаңға дейінгі аумақ та толықтай абаттандырылуда. Жоба аясында қала келбеті, орталықтағы негізгі көшенің бойы көріктене түспекші. Осылайша күрделі жөндеу үшін көптен бері жабық болған алаң ел игілігіне ұсынылып отыр. Айта кетейік, аталған жоба кәсіпкердің демеушілігімен жүзеге асырылуда.

«СБ» ақпарат

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<