«Бастау Бизнес» жобасы шеңберінде берілетін қайтарымсыз грант тиімділігін көрсетуде. Осы жоба аясында мүйізді ірі қарадан сүт өнімін алып, одан табыс тауып отырған жандардың бірі – ІІІ топтағы мүгедектігі бар Ауған соғысының ардагері Абай Өтегенов. Шаруа адамы мемлекет тарапынан 1 476 800 теңге көлеміндегі қолдауға ие болып, сүт бағытында мал асырауға бекінген.
Абай Ноғайұлының қазіргі таңда бірнеше сиыры бар. Болашақта мал басын арттырып, сүтті молайту жоспарында бар. Майлы сүттен қаймақ, айран жасап, өнімдерін Тасбөгет кентінің тұрғындарына жеткізіп отыр. Табиғи өнім болғандықтан тұрғындардың сұранысы жоғары дейді шаруа адамы.
Қызылорда қаласының әкімдігі
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<