Қайтарымсыз грант беру шарты өзгерді

1695

1

Жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға берілетін қайтарымсыз грант беру шарттарына өзгерістер енгізілді. Мемлекеттік грант мөлшері 200 ден 400 айлық есептік көрсеткішке дейін артты, биыл 1 225 200 теңгені құрайтын болады.


Өңірлік палатаның бөлім басшысы Гаухар Елеусінованың айтуынша, бұрын мемлекеттік гранттарға барлық санаттағы азаматтар үміткер бола алса, биылғы жылдан бастап тек 29 жасқа дейінгі жастар мен әлеуметтік осал топтарына жататын азаматтар ғана грант ала алады. Әлеуметтік осал топтарына атаулы көмек алушы отбасы мүшелері, көп балалы отбасылардың мүшелері, мүгедектігі бар азаматтар, мүгедектігі бар баланы тәрбиелеушіге берілетін жәрдемақыны алатын адамдар және қандастар жатады.


Грант беру процесі биыл электронды түрде өтеді.


«Бастау бизнес» жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздеріне оқыту Өңірлік кәсіпкерлер палатасымен биыл да онлайн-форматта өткізіледі. Оқыту тегін өткізіледі. Оқытылатындардың 30 пайызы – 29 жасқа дейінгі жастар, 30 пайызы – әлеуметтік осал топтар санатына сәйкес келуі туралы өзгерістер енгізілді.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<