Қайырымды істер марафоны: Жақсылықтан жақсылыққа

935

0

Қасиетті Рамазан айында Қызылорда облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясының волонтерлары және «Жаңғыру жолы» жастары бірлесіп, сауаптың іске бастамашы болды. Игі бастама «Қайырымды істер марафоны» аясында жүзеге асты.

Қайырымды істер марафоны: Жақсылықтан жақсылыққа

Өңірлік Ассамблея волонтерлары ескі базар маңы, «Арбат» бойында және «Айтбай» мешітінің алдында ауызашар тәттілерін таратты. Қала тұрғындары жақсылық жасаған жандарға ақ тілектерін жаудырды. Мейірімділікке үндейтін шара алдағы уақытта да жалғасады.

Қайырымды істер марафоны: Жақсылықтан жақсылыққа
Қайырымды істер марафоны: Жақсылықтан жақсылыққа

«СБ» ақпарат