Қайырымды жандарға көмек көрсетті

460

0

Фото: Өңірлік коммуникациялар қызметі

ҚАЗАЛЫДА ҚАЙЫРЫМДЫ ЖАНДАРҒА ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ

Биылдан бастап Наурыз мерекесі жаңа форматта өтіп жатыр. Мерекеге орай наурызнама онкүндігі бекітіліп, әрбір күн – халық арасында ерекше атап өтілуде. Мәселен, 14 наурыз – «Амал мерекесі» кең көлемде тойланса, 15 наурыз – «Қайырымдылық күні» болып белгіленді.

Соған сәйкес, бүгін Қазалы ауданында бірқатар қайырымдылық шаралары ұйымдастырылды. Ал қорытынды шара аудандық жастар ресурстық орталығында өтті. Шарада аудандағы игілікті істердің басы-қасынан табылып, қол ұшын созып жүрген меценаттар, қайырымдылық ұйымдары мен еріктілер марапат төрінен көрінді.

Кешке Қазалы аудандық қоғамдық даму бөлімінің басшысы Қайрат Әбубәкірұлы арнайы барып, жабырқаған жандарға демеу болып жүрген жандарға шынайы ризашылығын білдірді. Сондай-ақ, аудан әкімінің орынбасары Дәурен Тілеумбетовтың арнайы «Алғыс хаты» мен сый-сияпатын табыс етті.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<