Қайырымдылық – игі іс

348

0

Қан қызметі денсаулық сақтау ісінің бірден бір маңызды бөлігі. Соңғы онжылдықта қан компоненттеріне сұраныс көбейіп ақысыз донор болу мәселесі өзекті болып отыр.14 маусым «Дүниежүзілік қан доноры» күніне орай «Донор бол» акциясына нұротандықтар да үлес қосты.


Шараның негізгі мақсаты – донорлықты насихаттау, науқас азаматтарға қажетті қан тапсыру.

Қайырымдылық - игі іс


Қайырымды іске «Nur Otan» партиясы облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Ләйлә Бегалықызы Төрешова бастаған партияның белсенді мүшелері, бастауыш партия ұйымдары мен жасотандықтар белсендлік көрсетті.
«Nur Otan» партиясы облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Ләйлә Төрешова айтқандай, партия мүшелерінің осындай қайырымдылық акцияларға қатысуы дәстүрге айналған.

Соңғы 4-5 жыл көлемінде облыстық қан орталығымен бірлескен жұмыстардың нәтижесінде 500-ге жуық партия мүшелері донор болған. Қуаныштысы, сол донорлардың көпшілігі жастар.

Қайырымдылық - игі іс


Өңірде қан орталығына жылына 10 мыңдай азамат келіп қан тапсырады. Олардың 200-ге жуығы тұрақты түрде. Ал жыл басынан қан тапсыру орталығына келген қызылордалықтардың саны 4710 азаматты құрайды. Бүгін өзге ұйымдарға үлгі көрсетіп, орталыққа келіп қан беріп қолдау көрсетіп отырған «Nur Otan» партиясы ұжымына алғыс білдіреміз,- деді облыстық қан орталығы директорының орынбасары Венера Садыманова.


Сонымен орталыққа келген нұротандықтар екі бірдей қайырымды іс жасады. Яғни, науқас азаматтар үшін қан берсе, донорларға берілген қаражатты қайырымдылық жәшіктеріне салды.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<