Қайырымдылық концерт өтті

1266

0

Тасбөгет кентінде «Бегім-ай» өнер орталығының ұйымдастыруымен «Мейірім нұрын шашайық» атты қайырымдылық концерті өтті.

Концертті кент әкімі Семсер Сыздықов ашып берді. Қайырымдылық шарадан түскен қаржы Сабалақ саяжайының тұрғыны бүлдіршін А.Әділханованың еміне жұмсалады.

Айта кетейік, бүлдіршіндерге берері мол «Бегім-ай» орталығы өткен жылы күзде ашылған. Өнер орталығына 4-17 жас аралығындағы балалар хор, эстрадалық вокал, ұлттық және заманауи би, қолөнер, киіз басу, кестелеу, кескіндеме сурет секілді үйірмелерге қатыса алады. Қазіргі таңда өнер орталығында 400-ге жуық оқушы бар. 30-ға жуық үйірме жетекшілері жұмыс істейді.

Көрермендер періште көңіл балғын балалардың өнеріне тәнті болып, өз ризашылықтарын білдірді.

Қайырымдылық концерт өтті
Қайырымдылық концерт өтті
Қайырымдылық концерт өтті

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<