Қайырымдылық марафоны өтті

421

0

Фото: Қазалы ауданының әкімдігі

Бүгін Қазалы ауданында Ұлыстың Ұлы күні- Наурыз мерекесі қарсаңында 15 наурыз – Қайырымдылық күніне орай облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаевтың тапсырмасына сәйкес “Отбасын қолдау орталығы” және “Сауаптан құр қалмайық” қорының ұйымдастыруымен “Жүрек жылуы” атты қайырымдылық марафоны өтті.

Марафонның басталу рәсімінде аудан әкімінің орынбасары Дәурен Тілеумбетов игі іске атсалысып жатқан барша жандарға аудан әкімдігінің атынан ризашылығын білдірді.

Сондай-ақ, азық-түлікті таратуға қол ұшын созып, көлікпен қамтамасыз етуде көмектесіп жатқан жүргізуші жігіттерге де алғысын айтты.

Марафон аясында аудандағы тұрмысы төмен 200 отбасы азық-түлікпен қамтамасыз етілді.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<