Қайырымдылық – қадірлі іс

1506

0

Белкөл кенті әкімі аппаратының «Белкөл кентінің клубы» мен «Әл-Әзиз» оқу шығармашылық орталығының ұйымдастыруымен «Берекелі-Белкөлім» атты қайырымдылық іс-шарасы болып өтті. Шараны Белкөл кенті әкімінің міндетін атқарушы Жасұлан Сәду және ардагерлер кеңесінің төрағасы Сартай Қайруллаев ашып, тұрғындарды қасиетті Рамазан айымен құттықтады.

Қайырымдылық – қадірлі іс

Мұнан соң  «Әл-Әзиз» оқу шығармашылығының директоры Гүлманат Сембаева жұртшылыққа алғыс білдіріп, жақсылыққа, игі-істерге атсалысуға шақырды.

Шара Белкөл кенті клубы жанынан құрылған көркемөнерпаздар үйірмесінің концерттік бағдарламасымен жалғасты. Соңында мүмкіндігі шектеулі 35 жанға, сыйлықтар таратылды.

«СБ» ақпарат

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<