Қала әкімі Серік Қожаниязов тұрғындарды жеке мәселелері бойынша қабылдады.«Азаматтады қабылдау орталығында» өткен қабылдауға кезектілік тәртібімен жазылған 20-ға жуық тұрғын келді.
Олар шаһар басшысына тұрғын үй кезегі, жер, жұмыссыздық және өзге де жеке мәселелері бойынша жүгінді.
Серік Салауатұлы орынбасарларына, бөлім және мекеме басшыларына барлық өтініштер бойынша зерделеу жұмыстарын жедел түрде жүргізіп, азаматтармен кері байланыс жасауды тапсырды.
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<