Қала әкімінің орынбасары тағайындалды

633

0

Фото: Қала әкімдігі

Бүгін қала әкімі Серік Қожаниязовтың төрағалығымен өткен кадрлық өзгерістерге байланысты актив отырысында жаңадан тағайындалған қала әкімінің орынбасары таныстырылды. Қала әкімінің өкімімен Кентугаев Айдос Зейнуллаұлы қала әкімінің орынбасары лауазымына тағайындалды.​

«Айдос Зейнуллаұлы – Алматы мен Түркістан қалаларының сәулеттік дамуына үлесін қосқан жоғары дәрежелі сәулетші. Қала құрылыс және сәулет саласында жинаған мол тәжірибесі бар. Іскер басшы ретінде өз жұмысын ұтымды үйлестіретініне сенемін»,-деді қала әкімі. Айдос Зейнуллаұлы 1986 жылы Қызылорда облысында дүниеге келген. Жоғары білімді.

2005-2008 жылдары аралығында Қазақ Бас сәулет және құрылыс Академиясында «Сәулетші», 2011-2013 ж.ж Орталық Азия университетінде «Заңгер», 2014-2015 жылдары осы оқу орнының «Өнеркәсіптік және Азаматтық құрылыс» мамандықтары бойынша бітірген.

2015-2016 жылдары Қазақ Бас сәулет және құрылыс Академиясында «Сәулетші» мамандығы бойынша магистратураны тәмамдаған.

2017-2019 жылдары Қазақ Ұлттық аграрлық университетінде «Жерге орналастыру» мамандығы бойынша оқыған.

Еңбек жолын 2006 жылы «Проектный Центр» ЖШС 1-ші дәрежелі сәулетші болып бастаған;

2009-2012 ж.ж «Алматы қала құрылыс кадастры» мекемесінің жетекші сәулетшісі;

2012-2018 ж. ж. құрылыс және сәулет саласымен айналысатын жеке мекемелерде басшылық қызметтер атқарған;

2018-2019 ж.ж «АлматыБасЖоспар» ғылыми-зерттеу институты» директорының орынбасары;

2020-2023 ж.ж Түркістан қаласының архитекторы, қалалық сәулет және қала құрылысы бөлімінің басшысы қызметін абыроймен атқарды.

Айдос Зейнуллаұлы құрылыс, сәулет және қала құрылысы, ауылшаруашылығы және жер қатынастары салаларына жетекшілік ететін болады.

Қала әкімінің орынбасары тағайындалды

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<