Қала аумағында терроризмге қарсы оқу-жаттығу жұмыстары өтуде

393

0

Фото: Полиция департаменті

2024 жылдың 31 мамырында терроризмге қарсы орталықтың қолдауымен өткізіліп жатқан «Найза-Антитеррор 2024» Республикалық жедел-тактикалық оқу-жаттығуы аясында Қызылорда қаласының аумағында терроризмге қарсы оқу-жаттығулар өткізілуде.

Оқу-жаттығу сценарийі бойынша терроризмге қарсы күрес жөніндегі облыстық жедел штаб ашылып, террористік қатерді жою жөнінде қажетті шаралар қабылданып, болған оқиғаның себептері анықталады. Құқық қорғау органдары тарапынан қылмыстық іс – әрекеттің жолын кесу, террористерді бейтараптандыру бойынша қажетті шаралар қабылдануда.

Өткізілетін оқу – жаттығу іс – шараларының жоспары бойынша кінәлі тұлғалар анықталып, заңға сәйкес жауапкершілікке тартылады, зардап шеккендер жоқ (немесе: зардап шеккендерге тиісті көмек көрсетіледі), оқиға орнында коммуникация құралдары штаттық режимде жұмыс жасауда.

Облыстық жедел штаб мемлекеттік органдардың ықтимал терроризм актілеріне жедел ден қою жөніндегі әзірлігін тексеруді жүргізеді.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<