Бүгін Қызылорда қаласында кезекті жаппай сенбілік өтіп, оған барлық мекеме қызметкерлері қатысты.
Сенбілікке 197 мекемеден 1961 адам атсалысып, 15 арнайы қоқыс жинайтын техника жұмылдырылды. 10 көше және 90 көпқабатты тұрғын үйдің ауласы тазартылды. Нәтижесімен орталық полигонға 380 м3, яғни 290 тонна қоқыс шығарылды.
Айта кетейік, күзгі санитарлық тазарту, көркейту және көгалдандыру жұмыстары 2 ай бойы жүргізілді. Осы мерзім ішінде елді мекендер аумағындағы тұрмыстық қалдықтар шығарылды, ағаш егілді, айнала абаттандырылды.
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<