Облыстық ішкі саясат басқармасының «ҮЕҰ мен қоғамдастықты қатыстыра отырып қоғамдық кеңестермен жүргізілетін қоғамдық бақылауды дамыту» әлеуметтік жобасы аясында тұрғындардың әлеуметтік желідегі өтініштері мен ұсыныстарынан туындаған қоғамдық бақылаудағы мәселе Қызылорда қаласы көркейту-көгалдандыру және абаттандыру бағытында атқарылып жатқан жұмыстары туралы өткізілді.
Облыстық қоғамдық кеңес мүшесі Болат Нурхожаев, облыстық арнайы мониторинг тобының мүшесі Майра Боранбаева, қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің бас маманы Муханов Алтай және «Асыл Мұра-Орда» қоғамдық қорының директоры Айжан Айтмамбетова, Перизат Әбдіғапбар қатысты.
Қалада жасыл екпелерге аяқ су беру мақсатында каналдар мен арық жүйелеріне тазалық жұмыстары қарқынды жүргізілуде және тазалық жұмыстары екі ауысыммен жүргізіліп жатқаны туралыбелгілі болды. 2022 жылы 229 млн теңге қаралып, 6 секторға бөлінетіндігі, Н.Назарбаев даңғылы бойынша 1000 дана ағаш егілетіні жайында Қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің бас маманы Муханов Алтай атап өтті.





