Қалалық ішкі саясат бөлімінің басшысы тағайындалды

844

0

Қызылорда қаласы әкімінің өкімімен Әбдіқадыров Сейдуали Алайдарұлы қалалық ішкі саясат бөлімінің басшысы қызметіне тағайындалды.


Ол 1980 жылы Қызылорда қаласында дүниеге келген.
2001 жылы Қ.А.Яссауи атындағы халықаралық Қазақ-Түрік университетінің «Заңгер», 2005 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық универсиетінің «Құқықтану» мамандығы бойынша білім алған.


Еңбек жолын 2007 жылы Тасбөгет кенті әкімінің аппаратында маман, жетекші маман болып бастады.


2009-2019 жж. қала әкімінің аппаратында бас маман, бас инспектор, бөлім басшысы сатыларынан өтті.
2019 жылдың наурыз айынан осы кезге дейін Қызылжарма ауылдық округі әкімінің орынбасары қызметін абыроймен атқарып келді.


Айта кетейік, бұған дейін осы бөлімнің басшысы қызметін атқарып келген Есмаханов Алмасбек Әбілқасымұлы Шиелі ауданы әкімінің орынбасары қызметіне тағайындалған болатын.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<