Қалалық саябақтағы аттракционнан 8 бала құлап кетті

664

0

Оралда қалалық мәдениет және демалыс саябағындағы аттракционда әткеншектен сегіз бала құлап кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

БҚО денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі мәлім еткеніндей, оқиға 2 мамыр күні кешкісін болды.

«Жедел жәрдем сағат 19.36-да шақырылды. Барлығы 8 бала зардап шекті. Алдын ала мәліметке қарағанда, 2014 жылғы қыз баланың денесі, жіліншігі көгерген. 2016, 2013, 2011 және 2012 жылғы екі ұл, сондай-ақ 2012, 2013 жылғы қыз балалар жабық бас-ми жарақатын алып, милары шайқалған. Оған қоса 2011 жылғы ұл баланың жіліншігі сынған. Бәрі де облыстық көпбейінді балалар ауруханасына жеткізілді. Қазіргі кезде оқиғаның жай-жапсары анықталып жатыр», – деп хабарлады ведомстводан.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<