Бүгін қала әкімінің орынбасары Дархан Тұрсынбаевтың төрағалығымен қалалық жер комиссиясының кезекті отырысы өтті.
Комиссияда жер учаскелерінің нысаналы мақсатын өзгерту, сот шешімдеріне сәйкес құқық беру және қосымша жер учаскелерін табыстауға қатысты барлығы 65 құжат жан-жақты зерделенді.
Нәтижесі бойынша 28 өтінішке оң қорытынды қабылданып, 37 құжатқа құқық беруден бас тартылды. Айта кету керек, жер комиссиясының отырысы апта сайын тұрақты түрде өткізіліп келеді.
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<