Қалдырған ізі мәңгілік

937

0

Белкөл кентіндегі №189 орта мектепте ардагер ұстаз Кендебай Сейітовті еске алу кеші өтті.

Ұлы тұлға, есімі облысқа мәшһүр болған Қазақ ССР халық ағарту ісінің озық қызметкері, Қазақстан Республикасы білім беру ісінің үздігі, асқар тау әке, аяулы жар болған ұлағатты ұстазды еске алу шарасы қала мектеп мұғалімдерінің арасындағы шахмат турнирінен бастау алды. Бұл айтулы шараға облыстық білім басқармасының ардагерлері, қалалық білім саласына қарасты ардагерлер, отбасылық достары, курстастары, мектеп басшылары және жұбайы мен балалары қатысты.

Кеш барысында ел ағалары ағайдың жүріп өткен жолы жайлы тебірене еске алды. Ол кісінің кішкентай болса да жүрегінің кеңдігін, қарапайымдылығын, білімділігін, қазақи қалжыңның қас шебері екендігі де назардан тыс қалмады.

Кешіміздің келесі бөлімі қалалық ардагерлер кеңесінің, қалалық білім бөлімінің ұсынысымен мектебімізде Сейтов Кендебай атындағы ардагерлер бөлмесінің ашылу салтанатына ұласты. Арнайы бөлмеде ағайдың жеткен жетістіктері, естелік суреттері қойылды.

Зейнеткерлікке шыққан соң жазған «Ақиқат – ар өлшемі» атты кітабы ағайдың жүрекжарды төл туындысы жиналған көпшілікке отбасы мүшелерінің атынан таратылды. Кеш соңында бауырлары мен балаларының атынан ас берілді.

Ұстаздық – ұлағатты іс. Өмірде өскелең ұрпақ үшін тер төккен ұстаздар қауымының қашанда орны ерекше. Халқымыздың хас батыры Бауыржан Момышұлы «Қашанда ғасыр өтсе де адамзат баласы ардақ тұтар ұстаз – мәңгілік қастерлі ұғым, барлық мамандық атаулының басы және шыңы», – деп тұжырымдаған болатын. Себебі, «Ұстаздық еткен жалықпас, үйретуден балаға» демекші әрбір ұстаз жас ұрпақты білім мен тәрбиенің кәусар бұлағынан сусындатып, оларға жүрек жылуы арқылы нұрлы жол нұсқары анық.

Ғұмыр бойы білім саласында тер төгіп, сансыз шәкірт тәрбиелеп, шар тарапқа қанат қақтырған ұлағатты ұстаз Кендебай Сейтовтың ізгілікті істері көпке үлгі-өнеге.

Кендебай Сейтов 1948 жылы 5 желтоқсанда Қызылорда облысы , Қазалы ауданы, Өркендеу ауылында қарапайым отбасында дүниеге келген. Жаңа Қазалы поселкесінде №421 орта мектепті тәмамдайды.

Еңбек жолын 1968 жылы Өркендеу ауылында қуанышы мен қиындығы мол ұстаздық өмірді №104 сегіз жылдық мектепте ұзартылған күн тобы тәрбиешілігінен бастап кетеді. Еңбек ете жүріп педагогтік жұмыстарды ұйымдастырып, тәрбиешілердің ізденісіне, білімділік, тәрбиелік деңгейіне аса мән береді.

1968 – 1970 жылдары әскер қатарында азаматтық борышын өтегеннен кейін Н.В.Гоголь атындағы Қызылорда пединститутында 1970 – 1975 жылдар әуелі дайындық курсында оқып, 1971 жылы физика – математика бөлімінің математика факультетіне оқуға түсіп, сондай – ақ , ол 1975 жылы осы аталған институттың математика пәнінің мұғалімі бойынша оқу ордасын аяқтап диплом алады.

Оқуын үздік тәмамдаған ол Қазалы ауданының Өркендеу ауылында 1975-1977 жылдары №104 мектепте математика пәнінің мұғалімі болып жұмысқа тұрады. Шәкі рттерін білім нәрімен сусындатып , тәлім – тәрбие беру, жақсы қасиеттерді бойына дарытып, адамгершілік рухта бағыт-бағдар берудегі қызметте оның еңбегі ерен. Қаншама жас маманға ұлағатты тәлімгер Кендебай Сейтов қызығы мен қиындығын қатарласып келетін қызметтің қыр – сырын үйретіп, қарапайым адамгершілік қағидаттарымен сусындатып жүреді. Көп өтпей жас мұғалім 1977 – 1978 жылдар аралығында облыстық жас туристер стансасында әдіскер болады.

1978 – 1979 жылдары облыстық оқу бөлімінде инспекторлық қызметті абыроймен атқарады.

Осыдан кейін ол 1979- 1985 жылдар арлығында Қызылорда темір жол техникумында әуелі оқытушы, кейін 4 жылдай бөлім меңгерушісі болып ұстаздық еткен.

Кендебай Сейтов жан-жақты ізденістерімсен небір биік белестерді бағындарған дағдылы ұстаз 1985-1989 жылдары облыстық білім беру басқармасында инспекторлық қызметтің тізгінін қолға алады.

1989-2005 жылдары облыстық білім басқармасының (департаментінің) жалпы орта білім бөлімінің бастығы болған жылдарда әріптестері ортасында сыйластығы бір төбе болатын.

Қалалық білім бөлімінде бас маман қызметін де абыройлы атқарды. Осыдан кейін жан-жақты ізденістерімен небір биік белестерді бағындырған дағдылы ұстаз №176 мектептің басшылық тізгінін қолға алады. Міне, содан бастап мектеп директоры қызметін атқарып, ауқымды іс тындырған қарт ұстаз №189 орта мектепте директор болыпи қызмет атқарады.

Кендебай Сейтов қанша жыл тер төгіп еңбек етсе де «болдым, толды, мен бәрін де білемін» деп айтпайды. Ол кісі үнемі ізденіс үст інде жүреді. Өмір бір орнында тұрмайды, үнемі алға жылжып отырады, осыған орай жаңа заманның жаңа адамын тәрбиелеу, оқыту үшін үнемі ізденіп, білімін. біліктілігін арттырып отырады.

Ұстаздың күнделікті тұрмыста қарапайым, барға қанағатшыл, кісі кемшілігін көзге шұқып, мін тақпайтын жұмсақ мінезі, керек кезінде талап қоғыштығы да бар болатын – ды.

Кендебай Сейтов ағайдың ұстаздық жолында атқарған ерен еңбектері елеусіз қалған жоқ. Кендебай Сейтов – Қазақ ССР халық ағарту ісінің озық қызметкері, Қазақстан Республикасы білім беру ісінің үздігі, Облыстық білім басқармасының құрмет грамотасы, Қызылорда облысының 70 жылдығы медалінің иегері.

Уақыт таразысы – әр адамның тағдырына белгілі бір өлшеммен берілген баға жетпес байлық. Дәл осы тұрғыда өмірінің әрбір сәтін , әр кезеңін игілікті іске жаратып, өзінің саналы ғұмырын шәкірттерінің борлашағына арнай білген арын адамгершілігіне бағалаған. Кендебай Сейтовтің өнегелі өмір дәстүрі бәрімізге үлгі.

Кендебай Сейтов ағай отбасында үш ұл тәрбиелеп өсірді. Олардың барлығы да білім алып, қазіргі таңда отбасын құрған бір – бір шаңырақ иесі. Директорлық қызметінен кейін зейнеткерлікке шығады.

Өкінішке орай, 2020 жылдың 19 шілдесінде құрметті ұстаз, сүйікті жар, мейірімді әке, ел таныған азамат дүниеден озды.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<