Қалқабай Әбенов атындағы байқауға қатысыңыз!

1610

0

Облыстық «Сыр бойы» газеті мен Қ.Әбенов атындағы қоғамдық қоры ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығы аясында Қалқабай Әбенов атындағы «Тәуелсіздік толғауы» байқауын жариялайды.

Жалпы ереже

Байқау облыстық деңгейде ұйымдастырылады.

Байқаудың үйлестірушісі және ұйымдастырушысы – «Сыр медиа» ЖШС.

Байқаудың мақсаты:

Жас журналистер шығармашылығының дамуына қолдау көрсету, мемле­кеттік тілдің қолдану аясын кеңейту. Тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктерді насихаттау.

Байқауды ұйымдастыру және оған қатысушыларға қойылатын талаптар:

Байқауды ұйымдастырып, өткізу мақсатында Ұйымдастыру комиссиясы құрылады.

Байқауға Тәуелсіздік жылдарындағы елдің әлеуметтік-экономикалық, рухани-мәдени дамуы, жастар саясаты, ұлтаралық татулық, жалпы, қоғамның бет-бейнесі туралы талдау, зерттеу тұрғысындағы еңбектер, тың тақырыптар (қазақ және орыс тілдерінде) жіберіледі.

Байқауға бұрын-соңды баспа бетінде жарияланбаған, ал, телеарнада тек байқау кезеңінде эфирден өткен материалдар жіберіледі.

Байқауға жасы 35-ке дейінгі бұқаралық ақпарат құралдарында жұмыс істейтін тілшілер мен тәуелсіз қаламгерлер, блогерлер, журналист-фрилансерлер қатыса алады.

Байқауға әрбір қатысушы баспа бойынша 2 не 3 материалын әрқайсысы 3 парақтан аспайтын көлемде ұсына алады. А-4 форматында, Times New Rоman қарпімен, 14 мөлшерде, 1,0 ара­лықта терілуі керек. Сондай-ақ, телеарна тілшілері еңбектерін бейнетаспа түрінде ұсына алады. Байқау материалдарын сараптау барысында тақырыптың өзектілігі және маңызы, мазмұнның ашылуы, шынайылығы, жанрлық шарттарға сәйкестігі, жаңа әдістерді қолданысқа енгізе білуі, тілі және стилінің ұғынықтылығы, зерттеу әдістерін енгізе білу ерекшелігі есепке алынады.

Байқауға қатысушылар Ұйымдастыру комиссиясына (Қызылорда қаласы, Бейбарыс Сұлтан көшесі, 4 А, байланыс телефоны: 8 (7242) 40-02-17, syrboyi@yandex.kz электрондық поштасына мынадай құжаттарды қоса жібереді.

– Төмендегі деректер көрсетілген өтініш: автор туралы мағлұматтар/туған жері, күні, айы, жылы;

– жұмыс немесе оқу орны, қызметі, тұрғылықты мекен-жайы, байланыс құралдары және 3х4 суреті.

– байқау материалының қағаз нұсқасы және бейнетаспа.

Байқауға жіберілген материалдар авторларға қайтарылмайды. Байқауға ұсынылған материалдарды қазылар алқасы бағалайды.

Байқауды өткізу және қорытындысын шығару тәртібі:

Байқау үш кезеңнен тұрады:

– 2021 жылғы 10 қыркүйек пен 26 қараша аралығында байқауға қатысушылардан материалдарды қабылдау;

– 2021 жылғы 26-29 қараша аралығында материалдарды сараптау және жеңімпаздарды анықтау;

– 2021 жылғы 2 желтоқсан байқау жеңімпаздарын салтанатты марапаттау рәсімі.

Байқау жеңімпаздары Қалқабай Әбеновтің ұрпақтары атынан бағалы сыйлықтармен марапатталады.

Газет материалдары бойынша:

 І орын – ноутбук

 ІІ орын – смартфон

Телевизиялық материалдар бойынша:

І орын – телевизор

ІІ орын – смартфон

Блогер, журналист-фрилансерлерге:

І орын – ноутбук

ІІ орын – смартфон

Ұйымдастыру комиссиясы

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<